Accessibility links

Тәжікстан парламенті рақымшылық жасауды мақұлдады


Тәжікстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).
Тәжікстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламенті президент Эмомали Рахмон өткен аптада ұсынған рақымшылық жариялау туралы жаңа заң жобасын мақұлдады.

Парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған заң бойынша, түрмеде отырған 12 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады. 3 мыңнан астам тұтқын түрмеден босатылып, шартты мерзімге сотталған 4 мыңнан астам адамның жазасы жойылады. 5 мыңнан астам адамның бас бостандығынан айырылу мерзімдері қысқарады.

Кісі өлтіру, терроризм, діни экстремизм және осыған ұқсас басқа да айыптар тағылып сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.

Тәжікстандағы рақымшылық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай ұсынылып отыр. Тәуелсіздік күні бұл елде 9 қыркүйекте атап өтіледі.

Құқық қорғау ұйымдары көп жыл бойы тәжік билігін үкімет пен оның саясатына қарсыларды басып-жаншу үшін терроризмге қарсы заңдарды қолданады деп санайды.

XS
SM
MD
LG