Accessibility links

АҚШ Ресей мемлекеттік думасы депутатының ұлын айыпты деп тапты


Роман Селезнев отбасымен бірге.
Роман Селезнев отбасымен бірге.

АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы алқа соты ресейлік Роман Селезневті АҚШ-тағы компьютерлерді сырттан бұзды және несие карталарымен алаяқтық жасады деп тапты. Селезневке барлығы 38 айып тағылған. Оған енді 34 жылға дейін түрмеде отыру жазасы кесілуі мүмкін.

Федералдық прокуратура Селезневті компаниялар мен мейрамханалардың компьютерлік жүйеліріне заңсыз жолмен кіру және жасырын интернет форумдарда несие карталарының мәліметтерін сату арқылы миллиондаған долларға байыды деп айыптайды.

Селезневтің адвокаттары тергеу компьютерді сырттан бұзып кіру мен Селезневтің арасында байланыс орната алмады деп, оның ноутбугінен алынған мәліметтердің негізсіз екенін дәлелдеуге тырысқан. Селезневті 2014 жылы АҚШ арнайы қызметі Мальдивы аралдарында ұстаған. Ресей сыртқы істер министрлігі оны заңсыз ұсталды деп мәлімдеген.

Роман Селезнев - Ресей мемлекеттік думасының депутаты, АҚШ саясатын қатты сынайтын Валерий Селезневтің ұлы.

XS
SM
MD
LG