Accessibility links

HRW Қырым татарларының белсендісін босатуға шақырды


Ильми Умеров, Қырым татарларының белсендісі.
Ильми Умеров, Қырым татарларының белсендісі.

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қырымда күшпен психиатрлық ауруханаға жатқызылған Қырым татарларының белсендісі Ильми Умеровты босатуға шақырды.

26 тамызда таратқан мәлімдемесінде HRW Қырымның Ресей қолдайтын билігін Ильми Умеровке қарсы "қолдан жасалған" айыпты жойып, оған тиісті медициналық көмек көрсетуге шақырады.

Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы болған Меджлистің бұрынғы депутаты Ильми Умеровке ол Ресейдің 2014 жылы наурызда Қырымды Украинадан аннексиялап алғанын айыптап, мәлімдеме жасаған соң мамыр айында сепаратизм айыбы тағылған.

59 жастағы Умеровтың туыстары мен адвокаттары оның диабетпен, Паркинсон дертімен ауыратынын және жүрегінде кінәраты бар екенін айтып, тамыздың 18-інен бері өз еркінен тыс психиатрлық ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген.

Мәскеуде орналасқан "Мемориал" құқық қорғау орталығы Умеровке қарсы істің "заңсыз" екенін және "саяси астары" барын айтады.

XS
SM
MD
LG