Италияда жойқын жер сілкінісінен кейін үйлердің сапасы, құрылыс нормаларына сәйкестігі тексеріліп жатыр.
Италияның Риети өңірінің прокуроры Джузеппе Сайева "жер сілкінісіне қайғылы оқиға деп қана қарамау керек" деген. Оның сөзіне қарағанда, кейбір ғимараттарды салу кезінде "цементке құм көбірек қосылған". Аматриче қаласында жақында ғана жөнделген мектеп ғимаратының опырылуы жұрттың наразылығын туғызды.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Италияның орталық бөлігінде қаза тапқан адам саны 290-нан асқан. Қираған қалалар мен ауылдарда хабарсыз кеткен адамдар бар.