Accessibility links

Иран: Фордо уран байыту зауытын С-300 кешені қорғайды


Иран телеарнасынан көрсетілген Фордо уран байыту зауыты маңында тұрған ресейлік С-300 зымыран кешені туралы видеодан скриншот. 29 тамыз 2016 жыл.
Иран телеарнасынан көрсетілген Фордо уран байыту зауыты маңында тұрған ресейлік С-300 зымыран кешені туралы видеодан скриншот. 29 тамыз 2016 жыл.

Иран билігі Фордо стратегиялық нысанын күзету үшін Ресейдің С-300 алыс радиуста әрекет ететін зымыран кешені орнатқанын хабарлады.

Иран әуе-қорғанысы күштерінің қолбасшысы, генерал Фарзад Эсмаилидің мемлекеттік IRIB телеарнасына айтуынша, елдің ядролық нысандарын қорғау "қандай жағдай болмасын" бірінші кезектегі маңызды міндет. Ол қазір Иранның әуе кеңістігі "аймақтағы ең қауіпсіз территориялардың бірі" екенін жеткізді.

Телеарнадан көрсетілген видеода Фордодағы өзге қару-жарақтардың арасында С-300 кешені мен оның зымырандарын тиеген әскери көлік байқалады.

Видео Иран рухани көсемі аятолла Әли Хоменеи елдің әуе күштерінің қолбасшылары, оның ішінде Эсмаилиге Иранның әскери күш-қуаты тек қорғаныс мақсатын көздейтінін айтқаннан бірер сағаттан соң көрсетілді.

"С-300 кешені шабуыл жасау үшін емес, тек қорғаныс мақсатында әрекет етеді. Бірақ америкалықтар Иранның оны иеленбеуіне қолдан келгеннің барлығын жасап бақты" деді Хаменеи.

Фордо - елдің орталығындағы Құм қаласына жақын таудың ішінде салынған уран байытатын зауыт. Кәсіпорында Иранның өткен жылы әлемдік державалармен жасасқан келісімі бойынша биыл қаңтардан бастап уран байыту тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG