Accessibility links

АҚШ Гулмурод Халимов туралы ақпаратқа сыйақы тікті


Гулмурод Халимов, ИМ-ге қосылған тәжік полковнигі.
Гулмурод Халимов, ИМ-ге қосылған тәжік полковнигі.

АҚШ өткен жылы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылған тәжік полковнигі Гулмурод Халимов туралы ақпарат берген адамға үш миллион доллар сыйақы тікті. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Курт Райстың сөзінше, Вашингтон Халимовты ИМ-нің басты мүшесі санайды.

АҚШ-тың Душанбедегі елшілігінде өткен телефон конференциясында Райс Халимовтың қайда екені туралы ақпаратты әлем елдеріндегі АҚШ елшіліктеріне немесе электрондық хатпен жіберуге болады.

Бұрын Тәжікстан ішкі істер министрлігінде арнайы полиция жасағының командирі болған Халимов 2015 жылы сәуірде ИМ-ге қосылған. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, Халимов Сирияда жүргенінде екі рет ауыр жараланған.

XS
SM
MD
LG