Accessibility links

Путин: Арктика геосаяси шиеленістерден еркін аймақ болуы тиіс


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей Арктиканың пайдаланылмай отырған қазба ресурстарын зерттеуде Арктика елдерімен бейбіт қарым-қатынасты қолдайтынын мәлімдеді.

"Арктика астыртын келіссөздер, әскери блоктардың геосаяси ойыны немесе ықпал ету аймағы үшін күрес жүрмейтін, ашық және тең дәрежедегі диалог алаңы ретінде танылуы тиіс" деді Путин Арктика кеңесі мүшелеріне жазған хатында. Путиннің хатын Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Петрушов жолдаған.

Ресей Арктика кеңесінің кездесуін Арктика мұхитында Певек портына дейін жүретін атом мұзжарғыш кемесінде өткізіп жатыр.

Ресей өзінің ұлттық мүдделері сақталып, өзге барлық мемлекеттердің мүдделері ешқандай шартсыз құрметтелген жағдайда аймақтың бейбіт дамуы керек деген ұстанымынан айнымайды" деді Путин.

Ресей президенті Арктиканың тұрақты дамуы маңызды болып бара жатқанын да айтты.

"Арктика елдерінің ғана емес, өзге де бірқатар елдердің гүлденуі соған байланысты, - дейді ол.

Петрушов Ресей, Канада, Альяска және Арктика маңы теңізіне кіретін өзге де елдердің арасында континеттік қайраңдарды дамытуда біршама қиындықтар туғанын, бірақ олардың бейбіт түрде шешілу мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG