Accessibility links

Reuters: Каримов қайтыс болды


Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.
Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов көз жұмды деп хабарлады дипломатиялық үш дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Дереккөздің бірі өткен сенбіден бері ауруханада жатқан Ислам Каримовті меңзеп "Иә, ол көз жұмды" деген. Дереккөзі Каримовтің қашан қайтыс болғанын айтпаған.

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтің денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген.

Өзбекстан үкіметі 78 жастағы Каримовтің әлдебір сырқатпен ауруханаға түскенін 28 тамызда хабарлаған. Каримовтің денсаулығына қатысты бұрын-соңды ресми түрде хабарланбайтын.

Бүгін бұдан ертерек Reuters Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, Қытайда сапармен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын доғарып, ертең - сенбі Өзбекстанға баратынын хабарлаған еді.

Жергілікті агенттіктер Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаевтың әзірге Қытайдағы G20 елдері саммитіне қатысудан өзге жоспары жоғын айтқанын хабарлайды.

XS
SM
MD
LG