Accessibility links

Премьер Мәсімов Өзбекстан президентін жерлеу рәсіміне қатысады


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Өзбекстан президенті Ислам Каримовті жерлеу рәсіміне қатысу үшін сол елге ұшып кетті. Бұл туралы премьер Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған.

«Өзбек халқымен бірге қайғырамыз. Елбасы тапсырмасы бойынша Самарқанға ұшып барамын» деп жазған Мәсімов.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты өзбекстандықтарға көңіл айтып, Өзбекстан парламенті сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке жеделхат жолдаған.

Өзбек үкіметі жұма күні 79 жасқа қараған шағында Каримовтің дүниеден өткені туралы ресми хабарлаған. Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстанда бүгіннен бастап үш күндік аза тұту жарияланды.

Бүгін Самарқанда жерленетін Ислам Каримовпен қоштасу рәсіміне Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мемлекеттері атынан сол елдердің премьер-министрлері қатысады.

XS
SM
MD
LG