Accessibility links

Шымкентте Live Your Goals футбол шарасы өтті


Live Your Goals футбол шарасына қатысушы оқушы қыздар. Шымкент, 3 қыркүйек 2016 жыл.
Live Your Goals футбол шарасына қатысушы оқушы қыздар. Шымкент, 3 қыркүйек 2016 жыл.

Шымкенттегі БИІК стадионында бүгін Live Your Goals футбол фестивалі өтті. Халықаралық футбол ұйымдары ассоциациясы (FIFA) аясында Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған шараға қаладағы жалпы білім беретін орта мектептерден 6-12 жас аралығындағы жүзден аса оқушы қыз қатысты.

Стадионға жиналған оқушы қыздар әрқайсысы жиырма адамнан тұратын 11 топқа бөлініп, нұсқаушылардың үйретуімен доппен түрлі жаттығулар жасады.

Қазақстан футбол федерациясының әйелдер футболы бөлімінің Әнуар Бидановтың Азаттыққа айтуынша, Қазақстанда екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шара елде қыздар футболын дамытуды мақсат етеді.

– Қазақстанда кенже қалып отырған қыздар футболын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Фестивальге бұрын футбол ойнап көрмеген мектеп жасындағы оқушы қыздар қатысып, алғаш рет үлкен стадионда ойынға шығады, - дейді ол.

Футбол федерациясы өкілінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан бойынша футболмен әуестенетін 2,5 мың қыз-келіншек бар, олардың жартысы – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

Live Your Goals фестивалі былтыр тек Шымкентте ғана ұйымдастырылған. Ал биыл Шымкенттен бастау алған шара 25 қыркүйекке дейін Өскемен, Тараз, Алматы, Павлодар, Талдықорған және Астана қалаларында да өткізілмек.

Шымкенттегі Live Your Goals туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG