Шымкенттегі БИІК стадионында бүгін Live Your Goals футбол фестивалі өтті. Халықаралық футбол ұйымдары ассоциациясы (FIFA) аясында Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған шараға қаладағы жалпы орта мектептерден 6-12 жас аралығындағы жүзден аса оқушы қыз қатысты.
Шымкенттегі Live Your Goals шарасы

1
Қыздар футболын дамытуға арналған Live Your Goals фестиваліне қаладағы мектеп оқушылары таңғы сағат 9:30-дан бастап жиналды. Фестивальге 1-6 сыныпта оқитын оқушы қыздар қатысты.

2
Фестивальге қатысушылар Қазақстанның әнұраны шырқап тұр.

3
Live Your Goals футбол фестиваліне қатысушы оқушы қыздар.

4
Алаңда әрбірі 20 оқушыдан тұратын 11 топ жасақталды. Әр топқа бір-бірден тағайындалған нұсқаушылар қыздарға футбол ойнаудың әдістерін көрсетті.

5
Алаңда жаттығып жүрген қыздар.

6
Live Your Goals фестиваліне қатысушы әрбір оқушы қызға жазуы бар жейде тапсырылды.

7
Үлкен алаңға алғаш рет доп тебуге шыққан оқушы қыздар.

8
Стадион алаңындағы доппен жаттығу.

9
Қаладағы 28-орта мектептің оқушылары алаңда доппен жаттығып жүр.

10
Live Your Goals футбол шарасына қатысушылар.