Accessibility links

Сирияның солтүстігінде бірнеше елді мекенді исламшыл топтардан азат еткен


Сирияның солтүстігіндегі түркиялық әскери танк. 3 қыркүйек 2016 жыл.
Сирияның солтүстігіндегі түркиялық әскери танк. 3 қыркүйек 2016 жыл.

Сириялық қарулы көтерілісшілер түркиялық әскердің қолдауымен елдің солтүстігінде кемінде сегіз елді мекенді исламшыл содырлардан азат етті.

Сенбі күні Сирияның Түркиямен шекарасы маңындағы әл-Раи қаласының төңірегіне бекінген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы бірлескен операция басталған.

Бұған дейін 3 қыркүйекте әл-Раи қаласына Түркияның Сириямен шекаралас Килис провинциясынан қосымша танк бөлімшелері мен беренді техникасы енгізілген еді.

Түркиялық Hurriyet Daily News басылымы «жаңадан ашылған майдан» деп атаған әскери операция өткен аптада сириялық көтерілісшілер Түркияның қолдауымен қарулы исламшыларды ығыстырып шығарған Джераблус қаласынан батысқа қарай 55 шақырым жерде жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG