Accessibility links

Өзбекстанда аза тұту бүгін де жалғасты


Самарқандағы Ислам Каримовты жерлеу рәсімі. Өзбекстан, 3 қыркүйек 2016 жыл.
Самарқандағы Ислам Каримовты жерлеу рәсімі. Өзбекстан, 3 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстанда бүгін - президент Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты жарияланған қаралы күннің үшінші күні. Үш күндік қаралы күн 3 қыркүйекте жарияланған. Каримов 3 қыркүйекте өзінің туған қаласы Самарқандағы Шахи-Зинда бейітіне жерленген. 2 қыркүйекте Ташкентте ауруханада инсульттен қайтыс болған Каримовтің денесі салынған табыт Самарқанға жеткізілген.

Қоштасу рәсімі Ташкенттегі президент резиденциясында басталды.

Ислам Каримовты жерлеуге 17 елден делегация, оның ішінде Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Грузия, Оңтүстік Корея, Беларусь және Украинадан делегациялар барған. Жерлеуге Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан премьер-миинстрлері барды.

БАҚ-тың хабарлауынша, жерлеуде Каримовтың жесірі мен кіші қызы, 38 жастағы Лола Каримова-Тилляева байқалған. Каримовтың өзге екі баласы (қуғындағы Гүлнара Каримова мен Лондонда тұратын ұлы Петр) әкелерінің жерлеуінде көрінбеген.

XS
SM
MD
LG