Accessibility links

Астана мен Бішкекті шекарадан өтетін дәлізді кеңейтуге шақырды


Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы.
Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Қырғызстанмен шекарадағы Қордай бекетін бақылаудың нәтижесі бойынша құзыретті органдарға азаматтардың шекарадан "жайлы өтуін" қамтамасыз етуді ұсынды. Бұл жайында Шәкүровтің Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Кубатбек Оторбаевқа жазған хатында айтылады.

Өткен айдың соңында Оторбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Қордай шекара бекетіндегі жағдайға қатысты жүгінген. Оторбаев шекарадағы жағдайды "екі ел азаматтарына адамшылыққа жатпайды" деп атап, Қазақстан шекара қызметі қызметкеркерлерінің өз міндеттері мен азаматтарға "селқос, жауапсыз қарым-қатынас жасайтынына" куә болғанын мәлімдеген.

Шәкіров хатында Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығының қызметкерлері Қордай шекара бекетіне "жария салмастан бақылауға барғаны" айтылады.

"Екі жақ шекарадағы, азаматтар сізге "Освенцим түрмесі" деп айтқан қоршауы бар дәлізді расымен де қайта жасау керек. Дәлізді адамдар тіпті қарбалас кездің өзінде еркін өтетіндей көлемде кеңейтуге және күтіп отыруға ыңғайлы жай салу ұсынылды" делінген хатта.

Шәкіровтің айтуына қарағанда, мониторинг кезінде Қазақстан жағында құжат тексеріп, рәсімдейтін 12 терезе, қырғыз жағында екі терезе жұмыс істеп тұрған.

"Жалпы алғанда, аталған мемлекеттік шекаралық бекеттен өтетін адам саны туралы стандартты статистикалық мәлімет бойынша аталған терезелер қажеттілікті өтейді. Бірақ кейбір қарбалас маусымда кәдімгідей жайсыздық туындайды" дейді Шәкіров. Ол сонымен қатар шекараның қырғыз жағындағы дәлізді де тиімді етуге шақырды. "Осы сәтті пайдаланып, сізден Қырғызстан жағының да дәлізді жақсартқанын сұраймын" дейді Шәкіров.

XS
SM
MD
LG