Accessibility links

Анкара: Сирияда ИМ-мен ұрыста 3 түрік сарбазы оққа ұшты


Түркия танктері Сирияның шекаралс елді мекендеріне кетіп барады. 4 қыркүйек 2016 жыл.
Түркия танктері Сирияның шекаралс елді мекендеріне кетіп барады. 4 қыркүйек 2016 жыл.

Түркия Сирияның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен ұрыста үш сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Түркиялық әскерилердің ақпаратына қарағанда, 6 қыркүйекте түркиялық танктерді зымыранмен атқылаудан тағы төрт сарбаз жараланған. Ұрыста Түркия қолдайтын көтерілісшілердің екі жасағы мерт болып, екеуі жараланған.

Түркия әскері екі апта бұрын Сирияның солтүстігіне басып кіргеннен кейін Сирия ерікті армиясының жасақтары ИМ содырларынан шекарадағы Жераблус қаласы мен бірнеше елді мекенді тартып алған.

Түркия 4 қыркүйекте ИМ содырлары Түркия-Сирия шекарасы бойындағы соңғы бекінген территориясынан айырылғанын хабарлаған. Түркия әскері бұл аймақта сонымен қатар күрд жасақтарына да шабуылдап жатыр.

XS
SM
MD
LG