Accessibility links

Армения премьері отставкаға кететінін мәлімдеді


Армения премьері Овик Абрамян үкімет жиынында отставкаға кететінін жариялап тұр. Ереван, 8 қыркүйек 2016 жыл.
Армения премьері Овик Абрамян үкімет жиынында отставкаға кететінін жариялап тұр. Ереван, 8 қыркүйек 2016 жыл.

Армения премьер-министрі Овик Абрамян отставкаға кететінін мәлімдеді.

"Бізге жаңа көзқарас пен жаңа бастама керек. Біз болашақты ойлап, жаңа үкімет құруымыз керек" деді Абрамян 8 қыркүйекте өткен үкімет жиынында.

Өткен айда Армения президенті Серж Саргсян "ұлттық келісім" үкіметін құру ниеті барын мәлімдеген.

Абрамян премьер-министр қызметіне екі жыл бұрын тағайындалған. Ал өткен жылы Армения экономикасының өсімі күрт төмендеген. Бұл Армения экономикасының Ресей инвестициясы мен көмегіне, оның ішінде Ресейде жұмыс істейтін армян мигранттары аударатын қаржыға тәуелділігін күшейткен.

Абрамян үкіметі тұсында Таулы Қарабақта жаңа жанжал шығып, Ереванда оппозицияшыл саясаткердің босатылуын талап еткен қарулы топ полиция бөлімін басып алды.

Армения ақпарат құралдарының хабарлауынша, Абрамянның орнына технократ, бұрын Арменияның газ тасымалы компаниясын басқарған және Ереван мэрі болған Карен Карапетян премьер болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG