Accessibility links

Ресей орталық сайлау комиссиясы ПАРНАС партиясын сайлаудан алуға қарсы


Ресей орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Элла Памфилова.
Ресей орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Элла Памфилова.

Ресей орталық сайлау комиссиясы «Гражданская платформа» партиясының Ресей мемлекеттік дума сайлауынан ПАРНАС партиясын алып тастау туралы талабын қолдамайды деп мәлімдеді ОСК жетекшісі Элла Памфилова.

Оның айтуынша, ОСК қыркүйектің 18-іне тағайындалған сайлауға тіркелген партиялардың бәрі қатысуы үшін барлық мүмкіндікті жасайтын болады.

Жұма күні «Гражданская платформа» партиясы Ресей мемлекеттік дума сайлауына тіркелген ПАРНАС партиясының жетекшісі Михаил Касьяновты «экстремистік мазмұндағы сөз айтты» деп айыптап, партияны сайлаудан алып тастауды сұрап Ресей жоғарғы сотына талап арыз түсірген. Бұл іс бойынша сот отырысы дүйсенбіге белгіленген.

XS
SM
MD
LG