Accessibility links

Сирияда әуе шабуылдарынан жүзге жуық бейбіт тұрғын құрбан болған


Алеппо қаласының қарулы оппозиция бақылауындағы ауданы. Сирия, 22 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Алеппо қаласының қарулы оппозиция бақылауындағы ауданы. Сирия, 22 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияның солтүстік-батысында кеше және бүгін жасалған әуе шабуылдарынан кемінде 90 адам мерт болған. Бұл шабуылдар Женевада АҚШ пен Ресей Сириядағы соғысты тоқтату туралы жоспарға қатысты келісімге келгені жарияланғаннан кейін іле-шала жасалған. Адам құқығын бұзу оқиғаларына мониторинг жүргізумен айналысатын сириялық орталықтың хабарлауынша, әуе соққылары Идлиб пен Алеппо қалаларындағы қарулы оппозиция бақылайтын аудандарға берілген.

Сириядағы қарулы жанжалды бітім арқылы реттеу туралы АҚШ пен Ресей арасында жасалған келісім дүйсенбіден бастап күшіне енбек. Екі елдің сыртқы істер мекемелерінің басшылары Джон Керри мен Сергей Лавров жұма күні Женевада Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында бірлескен қадам жасау туралы келісімге келгендерін мәлімдеген. Бітімнің орнауы халықаралық гуманитарлық ұйымдарға Сириядағы соғыс зардабын шеккен тұрғындарға қажетті азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмек жеткізуге мүмкіндік туғызар еді.

XS
SM
MD
LG