Accessibility links

Беларусь елінде парламент сайлауы өтіп жатыр


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушылары Минскідегі сайлау учаскелерінің бірінде. 11 қыркүйек 2016 жыл.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушылары Минскідегі сайлау учаскелерінің бірінде. 11 қыркүйек 2016 жыл.

Беларусь азаматтары бүгін парламенттің төменгі палатасына 110 депутат сайлау үшін дауыс беріп жатыр. Бұл жолғы сайлау науқанының ерекшелігі – сайлау жалғыз турдан тұрады.

Бұл сайлауға барлығы 484 кандидат түсіп отыр, көпшілігі партиялардың ұсынған үміткерлері.

Заңға сәйкес, егер дауыс беруге сайлау округінде тіркелген сайлаушылардың жартысынан астамы қатысқан жағдайда сайлау заңды деп танылады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп қолдауына ие болған кандидат сайлауда жеңіске жеткен болып саналады.

Сайлау барысын 800-ден астам халықаралық бақылаушы қадағалап отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бақылаушыларының миссиялары қыркүйектің 12-і күні сайлау жайлы алдын ала бағасын бермек.

Беларус еліндегі сайлаудың егжей-тегжейімен Азаттықтың Беларус қызметі тілшілері жүргізіп жатқан «жанды блогтан» танысуға болады.

XS
SM
MD
LG