Accessibility links

Беларусьте белсенділер сайлауды қайта өткізуді талап етті


Минскідегі парламент сайлауы нәтижелеріне қарсы наразылық. 12 қыркүйек 2016 жыл.
Минскідегі парламент сайлауы нәтижелеріне қарсы наразылық. 12 қыркүйек 2016 жыл.

Беларусь астанасы Минскінің орталығында ондаған белсенді парламент сайлауы нәтижелеріне қарсы наразылық шарасын өткізді. Сайлауды «әділетсіз өтті» деген белсенділер қайта дауыс беруді талап еткен плакаттар ұстап шықты. Президенттікке бұрынғы үміткер Владимир Некляев: «Сайлау болған жоқ. Бұл - тағы бір саяси фарс» деп мәлімдеді.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, 20 жылдан бері тұңғыш рет оппозициялық партиялардан парламентке екі өкіл өткен.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушы миссиясының жетекшісі Кент Харстед Азаттыққа берген сұхбатында сайлауды «әділетсіз, жабық өткен жоқ» деп бағалады.

Беларусь парламентіндегі депутаттардың басым көпшілігі - президент Александр Лукашенконың жақтастары. 1990 жылдардан бері Беларусьте өткен сайлаулардың бір де бірі ашық және демократиялық түрде өтті деп мойындалған жоқ.

XS
SM
MD
LG