Accessibility links

Тарасовтар Өскеменде тағы қарсылық шарасын өткізді


Тарасовтардың қарсылық шарасы.
Тарасовтардың қарсылық шарасы.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылының тұрғындары, ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир мен Валентина Тарасовтар қаза тапқан ұлдары Григорий Тарасовтың қазасын дұрыс тексеруді талап етіп, төрт күн бойы қарсылық шарасын өткізді.

10-14 қыркүйек аралығында олар қаланың орталық алаңындағы Абай ескерткішінің алдына шығып, істі қайта қарауды сүрады. Кейін облыс әкімдігі мен прокуратурасы Тарасовтармен кездесіп, істе қайта қарауға уәде берген соң олар қарсылық шарасын тоқтатты.

2013 жылы 39 жасында көз жұмған кәсіпкер ұлдарының өлімін тексеруге наразы азаматтар 1 шілдеде облыстық және бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хат жазған. Тарасовтардың қарсылығы бұған дейін тергеу тобы бастығын ауысуына себеп болған. Тергеушілер "Григорий Тарасов жазатайым қаза тапқан", дейді, ал оның жақындары "баламызды бизнесін тартып алу үшін бір топ адам өлтірген" деп біледі.

XS
SM
MD
LG