Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтонның сайлауалды штабы оның денсаулығы туралы құжатты жариялады.
Құжатқа сай дәрігер Клинтонға "жеңіл, қаупі аз пневмония" деген диагноз қойып, левакин антибиотигін қабылдау керектігін жазған.
Құжатта Клинтонның қан анализдерінің қорытындысы, холестерин мен қан қысымының мөлшері туралы да дерек бар. Дәрігерлердің айтуынша, Клинтонның анализдері денсаулығына еш қауіп жоқ екенін көрсетеді.
Хиллари Клинтон Нью-Йоркте «11 қыркүйек» терактісінің 15 жылдығына арналған қаралы жиынды тастап кетуге мәжбүр болған.
Қаралы жиында денсаулығы нашарлаған Клинтон көпшілікті тастап шығып, Манхэттенде тұратын қызының үйіне асыққан.