Accessibility links

Еуропа лигасы: "Астана" кипрлік командадан жеңілді


"Астана" футбол командасының ойыншылары.
"Астана" футбол командасының ойыншылары.

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысып жатқан қазақстандық "Астана" командасы Кипрде жергілікті "АПОЭЛ" клубымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.

Матчтың 45 минутында "Астана" ойыншысы Неманя Максимович есеп ашқан. Ал 75 минутта Винисиус "Астана" қақпасына гол салып, нәтижені теңестірді. 87 минутта Игор де Камарго есепті еселеді.

"Астана" топтық кезеңдегі келесі ойынын 29 қыркүйекте Астанада швейцариялық "Янг Бойз" клубымен өткізеді. Жарыс ережесіне сай әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG