Accessibility links

Мирзияев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды


Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы әрі премьер-министр Шавкат Мирзияев. Самарқанд, 6 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы әрі премьер-министр Шавкат Мирзияев Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсылынды. Бұл туралы Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов инсульттан қайтыс болған соң уақытша президент міндетін атқару премьер-министр Шавкат Мирзияевке жүктелген. Конституцияға сәйкес осы лауазымды иеленуі тиіс сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев бұл қызметті атқарудан бас тартқан.

Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Кандидаттарды тіркеу 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG