Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан топтық кезеңдегі соңғы ойында Соломон аралдары құрамасын 10:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аргентинадан (0:1) жеңіліп, Коста-Риканы (3:1) жеңген. Қорытындысында алты ұпай жинаған Қазақстан өз тобында Аргентинадан кейін екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті.
Енді Қазақстан ширек финал жолдамасын Испаниямен сарапқа салады. Колумбиядағы әлем чемпионаты 1 қазанда аяқталады.