Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак 18 қыркүйекте өкпе инфекциясы диагнозымен Париждегі Питье-Сальпетриер ауруханасына түскен.
Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне оның күйеубаласы Фредерик Сала-Бару хабарлаған. 83 жастағы Ширак жақында Мароккодан Парижге оралған.
Францияның экс президенті 2005 жылы мамырда инсульт алған. Ал 2007 жылы президенттіктен кеткен соң екі рет ауруханаға түсті. 2015 жылы екі апта ауруханаға жатып шықты. Жак Ширак Францияны 1995-2007 жылдары басқарды.