Accessibility links

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің айтуынша, 2016 жылдың сегіз айында Қазақстанда ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады. Министр бұл туралы Парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында мәлімдеді.

Қазақпарат агенттігінің жазуынша, Бишімбаев үкімет сағатында "Мұнай бағасының күрт төмендеген соң 2015 жылдың тамызында теңге бағамына түзетулер жүргізілді. Қазақстан 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан бергі ең ауыр кезеңдерді еңсерді. Экономиканың өсу қарқыны тұрақсыз болды. Ағымдағы жылғы сегіз айдың нәтижесі бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады" деген.

Министрдің айтуынша, "өсім қарқынының баяулығына қарамастан Қазақстандағы аxуал серіктес-мемлекеттерге қарағанда жақсырақ".

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG