Халықаралық әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) жариялаған жаңа рейтингінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 41-орыннан 38-орынға көтерілді. Ал Ярослава Шведова 43-орыннан 41-орынға шықты.
Зарина Дияс 141-орыннан 149-орынға түсті. Дияс үшін биылғы маусым аяқталды. Ол қол жарақатына байланысты оепрация жасатқан.
Рейтингте германиялық Анжелика Кербер бірінші орында, америкалық Серена Уильямс екінші орында, испаниялық Гарбине Мугуруса үшінші орында тұр.