Accessibility links

Ақтөбе әкімдігі Боқаев пен Аянды қолдау митингісіне рұқсат бермеді


Азаматтық белсенді Макс Боқаев.
Азаматтық белсенді Макс Боқаев.

Ақтөбе қаласы әкімдігі қамауда отырған атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау митингін өткізуге тағы рұқсат бермеді. Бұл туралы ақтөбелік құқық қорғаушы Алима Абдирова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Абдирова әкімдіктен 24 не 26 қыркүйекте Ақтөбедегі тұңғыш президент паркінде қолдау акциясын өткізуді сұрап өтініш жазған. Бірақ әкімдік берген жауапта 24 қыркүйекте паркте жоспарланған шара өтетінін айтып рұқсат бермеген.

Әкімдік жауабында 26 қыркүйекте митинг өткізу туралы өтініште нақты уақыты көрсетілмегендіктен митинг өткізуге рұқсат берілмейтіні жазылған.

Абдирова 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласы әкімдігінен Кенес Нокин ауылындағы саябақта бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруін сұрап өтініш жазған. Алайда әкімдік "Нокин ауылындағы саябақта митинг өткізуге болмайды" деген жауаппен рұқсат бермеген.

XS
SM
MD
LG