Accessibility links

ҰҚК: 5 жылда терроризмге қатысты 445 адам сотталды


Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.
Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Қазақстанда соңғы бес жылда терроризмге қатысты 445 адам сотталған. Бұл туралы sputniknews.kz агенттігіне ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеген.

ҰҚК дерегінше, соңғы бес жылда террорлық ұйымдардың қатарына қосылмақ болған 559 қазақстандықтың анықталып, олардың жолы кесілген.

Білісбаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары 2011 жылдан бері Қазақстанда 64 терактінің алдын алған.

XS
SM
MD
LG