Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск Балкан арқылы өтетін заңсыз мигранттар маршрутын толық жабуға шақырды.
Сенбі күні Венада көші-қон мәселесі бойынша халықаралық кездесу басталар алдында сөйлеген сөзінде Туск Еуропа Одағының сыртқы шекарасындағы бақылауды Балкандағы серіктес елдер және Түркиямен бірлесе отырып қайта қалпына келтіруге шақырған.
Еурокомиссияның көші-қон мәселелері жөніндегі мүшесі Димитрис Аврамопулос, өз кезегінде, Еуропа Одағының барлық шешімдері гуманизм және адамның ар-намысын құрметтеу принциптеріне негізделуін талап етіп, еуропалық елдердің ортақ көші-қон саясатын ұстануға құлықсыздығын сынаған.
Венадағы саммитке Еуропа Одағының бірнеше елі мен одаққа кірмейтін балкан мемлекеттері қатысып отыр.
Бұның алдында көші-қон мәселелері бойынша ақпанда өткен саммитке қатысушылар заңсыз мигранттардың Грекия арқылы Германия мен Австрияға өтетін жолын жабу туралы шешім қабылдаған. Кездесуге келмеген бұл елдердің басшылары қабылданған шараға наразы болған: Грекияның солтүстігінде мыңдаған босқын қалып отыр, оның үстіне Берлин шекараны жабу көші-қон дағдарысын реттеуге көмектеспейтінін тағы да мәлімдеген.