Accessibility links

Әзербайжан ОСК: Сайлаушылар президент өкілеттігін ұзартуды қолдады


Референдумда дауыс беріп тұрған сайлаушы. Баку, 26 қыркүйек 2016 жыл.
Референдумда дауыс беріп тұрған сайлаушы. Баку, 26 қыркүйек 2016 жыл.

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) референдумда берілген дауыстардың жартысынан көбін санағандағы нәтиже бойынша, сайлаушылардың басым көпшілігі президенттің өкілетті мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартуды қолдағанын мәлімдеді. ОСК басшысы Мазахир Панаховтың 27 қыркүйекте хабарлауынша, қазірге дейін берілген дауыстардың 72 пайызы саналған. Ол бойынша, сайлаушылардың 90 пайызға жуығы конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаған. Ресми мәлімет бойынша, референдумға дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 70 пайызға жуығы қатысқан.

26 қыркүйекте өткен референдумда сайлаушыларға конституцияға енгізілетін 29 толықтыру мен өзгерісті қолдайтыны, я қолдамайтыны туралы сауал қойылған. Ол өзгерістер мен толықтырулар президент Ильхам Әлиевке билікте 2020 жылға дейін отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі конституция бойынша, Әлиевтің президенттік өкілеті 2018 жылы аяқталуы тиіс.

Ресейлік ақпарат агенттіктері экзитполлға сілтеме жасап дауыс бергендердің басым көпшілігі конституциялық өзгерістерді қолдағанын хабарлайды.

Әзербайжан оппозициялық күштері мен шетелдік сарапшылар "конституциялық өзгерістердің барлығы Илхам Әлиевке шексіз билік беру және оның отбасына билікті қалдыру мақсатында жасалған әрекет» деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG