Accessibility links

Эфиопияда кептелістен 50-ден астам адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Эфиопияда діни фестиваль кезінде болған кептелістен 50-ден астам адам қаза тапты. Кейбір ақпаратқа қарағанда, кептеліс полиция үкіметке қарсы демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, аспанға оқ атқан соң басталған. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиғадан 52 адам құрбан болған.

Оппозиция да екі миллионға жуық адам қатысқан фестиваль кезінде кем дегенде 50 адам қаза тапты дейді. Эфиопия үкіметі қайғылы оқиғаға "кінәлілердің жауапқа тартылатынын" хабарлады.

Соңғы айларда Эфиопияда наразылық акциялары жиілеген. Демонстранттар үкіметтен барынша еркіндік беруді талап етеді. АҚШ билігі Эфиопиядағы демонстранттарға қарсы "шектен тыс күш қолдануға" алаңдайтынын білдірді.

XS
SM
MD
LG