Accessibility links

Шведова Қытайдағы жарыстың 3-кезеңіне шықты


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Әлемдік рейтингте 39-орында тұрған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Пекинде өтіп жатқан China Open жарысының үшінші кезеңіне шықты. 

Ол екінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичті (43) екі сетте жеңді - 6:4, 7:6. Шведова бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы испаниялық Карла Суарес Наварродан 6:1, 6:3 есебімен басым түскен. 

Енді қазақстандық теннисші үшінші айналымда словакиялық Доминика Цибулкова (8) мен франциялық Ализе Корне (58) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

China Open жарысы 9 қазанда аяқталады. 

XS
SM
MD
LG