Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "аяқ астынан жүрек талмасынан" ауруханаға түскенде қолдау білдірген қырғызстандықтарға алғыс білдірді.
3 қазанда таратқан мәлімдемесінде Атамбаев өзінің "аурудан айығуына көмектескен" барлық қырғыз азаматтарының қолдауы мен тілегіне алғыс айтты.
Ресми мәлімет бойынша, Атамбаев Мәскеу ауруханасында жүрек ауруынан емделіп, 1 қазанда Бішкекке оралған.
Президент 23 қыркүйекте Мәскеуге жеткізілмей тұрып, 19 қыркүйекте Қырғызстаннан Түркиядағы ауруханаға емделуге кеткенде "көкірек тұсы ауыратынын" айтқан.
3 қазанда Атамбаев жұмысын жалғастырып, президент әкімшілігінің басшысы Фарид Ниязовпен және қорғаныс министрі Темір Жумакадыровпен кездесті.