Accessibility links

Петропавлда газ резервуары жарылысынан 3 адам ауруханаға түсті


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Петропавл сыртында сығымдалған газ резервуары жарылып, үш жұмысшы жараланды деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Жарылыс 3 қазан күні кешке Борки кентінде газ резервуарын толтыру кезінде болған. Өрт сол күні кешке сөндірілген. Денелерін күйік шалған үш жұмысшы ауруханаға жатқызылған. Олардың халі ауыр деп бағаланып отыр.

Жарылыс себептерін анықтайтын өрт-техникалық сараптама тағайындалған.

XS
SM
MD
LG