Accessibility links

Дүйсенова: "Бұрғылау" басшылығы мен жұмысшыларына ұсыныс жасадық


Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

Үкімет Жаңаөзендегі "Бұрғылау" кәсіпорнының жұмысшылары мен басшылығына еңбек дауын шешудегі өз ұсынысын жасады деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Бүгін үкімет жиыны арасында журналистер сұрағына жауап берген Дүйсенованың айтуына қарағанда, Маңғыстау облысының билігі "Бұрғылау" жұмысшыларының талаптарын зерттеп, қазір мәселелерін шешу әрекеттерін жасап жатыр. Министрдің сөзінше, облыс әкімі үкімет жиынында мәселені зерттеп, кәсіпорын ұжымымен және жұмысшылармен түсініскен.

Дүйсенова министрлік еңбек кодексінде қарастырылғанның барлығын жасап, жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы органдарға тапсырғанын, енді олардың ұсынысын күтіп отырғанын жеткізді.

Министр жұмысшылардың өздерін бірыңғай еңбекақы жүйесіне ауыстыру туралы талабы орындалу үшін салалық келісім жасау қажетін айтқан. Ол жұмыс берушілер мен жұмысшыларға бұл норманы салалық келісімге енгізуді ұсынған. Ал әкімдік жұмыс берушімен бірге бұл мәселені қарастырып көреді.

Жаңаөзенде "Бұрғылау" кәсіпорнының жүздеген жұмысшысы өткен аптадан бері кәсіподаққа қысымды тоқтату, жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп наразылық танытып жатыр.

XS
SM
MD
LG