Accessibility links

Гаитиде "Мэтью" дауылы құрбандары саны 280 адамнан асты


Гаитидің Порт-о-Принс қаласындағы "Мэтью" дауылынан кейінгі көрініс. 5 қазан 2016 жыл.
Гаитидің Порт-о-Принс қаласындағы "Мэтью" дауылынан кейінгі көрініс. 5 қазан 2016 жыл.

Гаитидегі "Мэтью" дауылынан құрбан болғандар саны кем дегенде 283 адамға жетті. Құтқарушылар бірнеше күннен бері бірінше рет апаттан қираған жағалаудағы қалаға жетті. Аралда дауылдан сумен қамтамасыз ету жүйесінің ластануы мен азық-түлік қорының таусылуы тырысқақ ауруы пайда болуы мүмкін деген қауіп тудырып отыр.

Дауыл Гаити мен Багам аралдарында тұрып, АҚШ-тың шығыс жағалауларына бет алып барады. АҚШ-тағы Атлант мұхиты жағалауындағы аймақтарынан үш миллионға жуық адам эвакуацияланды. Флорида, Джорджия және Солтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

АҚШ-тың ұлттық дауыл орталығы "Мэтью" дауылының қуаттылығы төртінші категория деп таныды. Мұндай күшті дауылдан сағатына 250 километр жылдамдықпен соғатын жел тұруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG