Accessibility links

Шведова Пекиндегі жарыстың 1/4 финалына шықты


Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова (39) Пекинде өтіп жатқан China Open жарысының ширек финалына шықты. Ол үшінші айналымда франциялық Ализе Корнені (58) екі сетте жеңді - 6:2, 6:4. Матч 1 сағат 48 минутқа созылды.

Шведова алғашқы екі айналымда әлемнің 10-ракеткасы испаниялық Карла Суарес Наварроны және швейцариялық Белинда Венчичті (43) жеңген.

Енді ол ширек финалда әлемнің 3-ракеткасы польшалық Агнешка Радванскамен кездеседі. Пекиндегі жарыс 9 қазанда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG