Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі АҚШ-тың «русофобтық саясатын» айыптады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-ты «русофобияны қоздырып отыр» деп айыптады. Бүгін «Воскресное время» телебағдарламасында Лавров Құрама Шаттар Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қадамдарға барып отыр деп мәлімдеді.

Reuters агенттігі Лавровтың Ресейге қатысты қазіргі АҚШ саясатының түбірімен өзгергені, оның негізінде русофобия жатқаны туралы сөздерін келтірген. Лавров әңгіме жай ғана русофобия емес, Ресейдің ұлттық мүддесіне нұқсан келтіретін және қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқыншылық қадамдар туралы болып отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG