Accessibility links

Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры іске қосылды


Астанада салынып жатқан үйлердің бірі (Көрнекі сурет).
Астанада салынып жатқан үйлердің бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстанның мемлекеттік "Бәйтерек" холдингі бүгін үлескерлерге тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін кепілдік беру жүйесі іске қосылатынын хабарлады. Холдинг мәліметіне қарағанда, тұрғын үй құрылысыне кепілдік беру қоры "Тұрғын үй құрылысына үлес арқылы қатысу туралы" заңы бойынша үлескерлерге тұрғын үй құрылысының аяқталатынына кепілдік береді.

Холдинг сайтындағы мәлімдемеде қорды құрудағы мақсат "тұрғын үй құрылысына үлес арқылы қатысуды кепілдендіру жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, кепіл қажет болған жағдайда үлескерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау" екені айтылады. Бұл жүйе бойынша, кепілдік қызметі "тұрғын үйлер уақытында пайдалануға берілмегенде, тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалғанда, сот құрылыс жүргізетін заңды тұлғаны жағдайы жоқ деп танығанда" көрсетіледі. Қордың үлескерлер мен құрылыс компаниялары арасындағы қазіргі дауды шешетіні, я онымен айналыспайтыны айтылмаған.

"Бәйтерек" ақпаратына қарағанда, құрылыс компаниясының өтініштерін қараған кезде қор компанияның "жаңа заң талаптарына сай келетіні, я келмейтінін" тексереді. Барлық талапқа сай келсе қор құрылыс жүргізетіндер және өкілетті компаниямен кепіл беру туралы келісім жасасады. Бұдан соң қор үлескерлердің қаржысының мақсатқа сай жұмсалып жатқанын тәуелсіз инжиниринг компанялары арқылы бақылайды. Инжиниринг компаниялары сонымен бірге салынып жатқан үйдің сапасын да қадағалайды.

Қор өкілінің сөзінше, тұрғын үй құрылысын кепілдкендіру жүйесі құрылыс саласы қызметін ашық етіп, құрылыс жүргізетіндердің жауапкершілігін жоғарылатады.

XS
SM
MD
LG