Accessibility links

Ауыр атлет Уланов Рио олимпиадасының қоласын алады


Денис Уланов Рио олимпиадасында
Денис Уланов Рио олимпиадасында

Ауыр атлетикадан 85 килограмда Рио олимпиадасына төртінші орын алған қазақстандық Денис Уланов енді қола медаль иеленеді.

Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) бүгін жарияланған ресми журналында хабарланды. Федерацияның мәлімдеуінше, олимпиада кезінде қола медаль алған румыниялық Габриэль Синкраянның нәтижесі жойылып, ол жарыстардан шеттетілген. Бұған дейін румыниялық басылымдар Синкарянның олимпиада кезінде тапсырған сынамасынан допинг табылғанын хабарлаған.

Рио олимпиадасында Синкарян мен Уланов 390 килограмм көтерген еді. Бірақ Улановтың салмағы қарсыласынан ауырлау болғаны үшін төртінші орынмен шектелген.

Биылғы олимпиадада Қазақстан үш алтын, бес күміс, тоғыз қоламен 12-орын алған. Улановтың қола медалі Қазақстан үшін Рио олимпиадасының 18-медалі болмақ.

XS
SM
MD
LG