Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуына қарағанда, Қара теңізден өтетін Turkstream газ құбырының құрылысы 2017 жылы басталады. Стамбулға сапары кезінде Новак "жұмыс бастауға қажетті шарттың барлығы мақұлданып, жоба 2019 жылдың соңына қарай аяқталатынын" мәлімдеді. Газ құбыры Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігімен тартылып, Грекия территориясы арқылы да өтуі мүмкін.
Құбыр жобасы екі жыл бұрын ұсынылғанымен, өткен жылы қарашада Түркия Сириямен шекарада Ресей әскери ұшағын атып түсіріп, екі ел қарым-қатынасы нашарлаған соң тоқтатылған еді. Қазір Мәскеу мен Анкара бір кездері орнаған тығыз экономикалық байланысты жандандыруға тырысып жатыр. Turkstream туралы келісімге осы аптада Владимир Путин Стамбулда Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесуде қол қойған.