Accessibility links

CAS ресейлік бес жеңіл атлетті 5 жылға жарыстан шеттетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік спорттық жүрістің бес атлетін допинг сынағынан өте алмағаны үшін жарыстан бес жылға шеттетті.

Бес атлет - 2013 жылғы әлем біріншілігінің күміс медаль иегері Михаил Рыжов, Еуропа біріншілігінде жүлде алған Иван Носков, Эльмира Алембекова, Вера Соколова және Денис Стрелков 2015 жылы маусымда Саранск қаласындағы Ресейдің ұлттық жаттығу орталығында допинг сынамасынан өтпей қалған.

Ресейдің жеңіл атлетика федерациясының өзі халықаралық атлетика федерациялары тарапынан допинг дауына іліккендіктен, санкцияны Швецияда орналасқан арбитраждық сот енгізген.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) өткен жылы тергеу жүргізіп, атлеттер мен олардың жаттықтырушылары тексерушілерге жарыстан тыс кездегі тексеруде допинг сынамаларының үлгілерін алуға кедергі жасады деп тапқан.

Саранскідегі орталық ол кезде жаттықтырушы Виктор Чегиннің құзырында болған. Чегиннің 25-тен астам атлеті допинг сынағынан өте алмай, өзі биыл наурызда жаттықтырушылық қызметтен өмір бойына шеттетілген.

XS
SM
MD
LG