Accessibility links

«Вышеград төрттігі» ресейлік «Солтүстік ағын-2» газ құбыры желісіне қарсы


Польша президенті Анджей Дуда.
Польша президенті Анджей Дуда.

Польша Ресейден Германияға газ жеткізуге арналған жаңа құбыр желісі жобасына Венгрия, Чехия және Словакиямен бірге қарсы ұстанымда болады деп мәлімдеді Польша президенті Анджей Дуда. Оның айтуынша, мұндай жоба Еуропа Одағының тиімді энергетикалық жүйе құру ниетіне нұқсан келтіреді.

Анджей Дуда бұл мәлімдемесін сенбі күні Польшаның солтүстігіндегі Ржешов қаласында өткен «Вышеград төрттігі» елдері президенттерінің қорытынды кездесуінде айтқан. Польша президентінің сөзінше, Украина мен Словакиядағы транзиттік желіден айналып өтетін «Солтүстік ағын-2» газ құбыры жобасының экономикалық мәні жоқ. Дуда оны Ресейдің атынан әрекет ететін «Газпром» компаниясының мүддесіне қызмет ететін «саяси жоба» деп атаған.

Поляк баспасөз құралдары «Вышеград төрттігіне» енетін төрт мемлекет өздерінің Ресейден тәуелділігін азайтуға ұмтылып отырғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG