Accessibility links

Қырғызстанда кәмелетке толмаған қыздарын күйеуге берген әкенің ісі тексерілмек


Неке жүзігін салу. (Көрнекі сурет.)
Неке жүзігін салу. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын облысы Ақтал ауданының билік өкілдері Азаттықтың Қырғыз қызметіне Байгөншөк ауылының 43 жастағы тұрғыны 16 және 17 жастағы екі қызын бір күнде тұрмысқа бергенін хабарлаған. Аудан әкімінің орынбасары Жылдыз Мәмбетова «діни салтты қатаң ұстайтын бұл отбасында қыздардың анасы пәрәнжі киіп жүреді» дейді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясы бұл іс бойынша барлық материалдар жиналып, тергеу орындарына тапсырылғанын хабарлаған. Қыздардың әкесі оларды тым жастай тұрмысқа бердім деп санамайды.

Қырғызстанның отбасы туралы заңы бойынша азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін ғана некеге отыруға рұқсат етіледі деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

XS
SM
MD
LG