Accessibility links

Прокуратура: 9 айда 229 адам "зорлық-зомбылық жасағаны үшін" сотталды


Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы 9 айында "есірткі саудасына қатысты" 3255 адам сотталған. Бұл туралы Азаттыққа бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 439 адам "кісі өлтіргені үшін", 229 адам "зорлық-зомбылық жасаған үшін" бас бостандығынан айырылған.

World Prison Brief ұйымының зерттеуіне қарағанда, Қазақстанда шамамен 39 мың адам түрмеде отыр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG