Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келмек


Томас Шеннон, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары.
Томас Шеннон, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары.

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шеннон 24-29 қазан аралығында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға сапарлап келеді.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Орталық Азияға бірінші рет сапарлайтын Шеннон үш ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараларға қатысады. Вашингтон Томас Шеннонның сапары арқылы АҚШ Орталық Азия елдерімен берік байланысын одан ары күшейткісі келетінін айтады.

24 қазанда әуелі Астанаға келетін Шеннон Қазақстан үкіметінің өкілдерімен және АҚШ-та білім алмасу бағдарламасын бітірген түлектермен кездеседі. Ол сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары мен Ұлттық мұражайға барады деп жоспарланған.

Шеннон 26-27 қазан күндері Бішкекте қырғыз үкіметі өкілдері, парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Ол Америка Орталық Азия университетінде дәріс оқып, 1919 жылғы үркіншілік кезең құрбандарына арналған ескерткішке бармақ.

Бұдан соң Томас Шеннон Ташкент пен Самарқанға барып, Өзбекстан үкіметінің жоғары шенді мүшелерімен, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Ол бірнеше мәдени орындарға, оның ішінде Регистан мен экс-президент Ислам Каримовтың зиратына бармақ.

XS
SM
MD
LG