Accessibility links

Назарбаев Абу-Дабидың тақ мұрагерімен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде "екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, транзит-транспорттық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты ары қарай да дамыту мәселелері" талқыланған. Назарбаев пен Әл Нахаян аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің кейбір өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG