Accessibility links

Швед академиясы Нобель сыйлығы иегері Боб Диланмен хабарласа алмай отыр


АҚШ музыканты Боб Дилан.
АҚШ музыканты Боб Дилан.

2016 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ музыканты Боб Диланға берілетіні жарияланғалы бері оның өзі сыйлық жайлы ешқандай пікір де білдірмей, сыйлықты ұйымдастыру комитетіне де хабарласпай тым-тырыс жатыр.

Швед ғылым академиясы әдебиет саласы бойынша биылғы сыйлық иегері Боб Диланмен хабарласа алмай отырғанын растады.

Халықаралық ең беделді сыйлық «америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық тіркестер тудырғаны үшін» 75 жастағы музыкант Боб Диланға берілетіні туралы қазанның 13-і күні ресми жарияланған. Биыл оның көлемі 8 миллион швед кронын (900 мың АҚШ доллары) құрайды. Бірақ сыйлық иегерінің өзі содан бері Нобель сыйлығы комитетімен байланысқа шықпаған, тіпті сыйлыққа қатысты ешқандай ресми пікір білдірмеген. Оның Стокгольмде желтоқсанның 10-ы күні өтетін сыйлықты тапсыру салтанатты рәсіміне келер-келмесі де белгісіз.

Сенбі күні швед басылымдары осы елдің ғылым академиясының мүшесі Пер Вастбергтің Боб Диланды «дөрекі және менмен» деп сынаған сөзін таратқан. Бірақ ғылым академиясының ресми мүшелері Вастбергтің «жеке пікіріне академия қосылмайды» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG